Басқару

Елбасы бірқатар тағайындаулар жүргізді

Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Бектас Әбдіханұлы Бекназаров, Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Қыркүйек , 09:16

Сондай-ақ ҚР Президентінің өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Бұдан бөлек, Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Кетебайұлы Киіновтің өкілеттігі тоқтатылды.




Яндекс.Метрика