Евразиялық одақ

ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы құралдарының бөлшектерін бірлесіп даярлау бойынша кәсіпорындары бекітілді

ЕЭК коллегиясы Еуразиялық экономикалық одақтың ауыл шаруашылығы құралдарының бөлшектерін бірлесіп даярлау бойынша кәсіпорындардың тізімін бекітті.
Әлемде 13 Қыркүйек, 17:36

Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты бойынша, бұл тізімге дизельді қозғалтқыштардың, гидравликалық жүйенің, трансмиссияның бөлшектірін және электронды компоненттер мен жер серіктік навигацияны шығаратын 40 кәсіпорын енді.

Тізім ЕЭК ұсынысы аясында бекітілді. Құжат Одаққа мүше елдерге ауыл шаруашылығы машинасы өндірісін ұйымдастыру барысында ұсынылады

Бұған дейін, ЕЭК коллегиясы  2017 жылдың 4 қыркүйегінде кедендік баж салағын, салықты, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баж салығын төлеу бойынша міндеттерді орындауда ақпарат жинау, құжатты толтыру мен есептеу тәртібі бойынша ортақ талаптарды орнатқан болатын. 





Яндекс.Метрика