Евразиялық одақ

ЕЭК Монғолияның ветеринариялық қызметімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кедендік ынтымақтастығы, сауда, өнеркәсіптік саясат, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау мәселелері талқыланды.
Әлемде 14 Қыркүйек, 08:43

«ЕЭК Алқасы мақұлдаған Еуразиялық экономикалық комиссия мен Монғолияның ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы мамандандырылған инспекциясының Бас басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде және Монғолияда жануарлардың ауруларының, ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпті өнімдер мен карантиндік зиянды ағзалардың таралуына жол бермеуге көмектеседі», - деп атап өтілді ЕЭК-те.

Осы саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісушілікке 2017 жылғы наурызда ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі Валерий Корешковтың Монғолияға сапары барысында қол жеткізілді.

«Меморандум аясында өзара іс-қимыл жасау нормативтік, техникалық және басқа құжаттамамен алмасу арқылы жүзеге асырылады. Оқыту семинарлары, ғылыми-практикалық конференциялар мен мамандардың ынтымақтастығы ЕАЭО елдері мен Монғолия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге көмектеседі», - деп атап өтті Валерий Корешков.

Меморандумға ЕЭК министрі Валерий Корешков ағымдағы жылғы қазанда Монғолияға сапары барысында қол қойды.





Яндекс.Метрика