Қалаларға шоғырлану

ТКШ жаңғырту аясында Петропавлда 161 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

Петропавл қаласында 2017 жылы абаттандыру жұмыстарына үш есе көп қаржы бөлінді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қала құрылысы кеңесінің отырысында хабарлады.
Солтүстік Қазақстан 13 Қыркүйек, 19:47

Жүзеге асырылған жұмыстар туралы Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов есеп берді. Ол атап өткендей, облыс орлатығының архитектуралық келбетін жақсарту  басымдылық берілген бағыттардың бірі.  

«Бас жоспардың негізінде шағын аудандар бүге-шүгесіне дейін ойластырылған 7 жоба жасақталды: «Жас Өркен», «Орталық», «Береке», «Кирпичный», «Солнечный»,  «Абай-Пушкин-Мүсірепов-Жамбыл» көшелерінің шекарасындағы жоба және  салушының 3 жобасы: «Жас Өркен», «Куйбышевский лесхоз», «Набережный». Қазіргі таңда масштабты құрылыс аумағы «Жас Өркен», «Береке», «Кирпичный», «Солнечный», «Орман» шағын аудандарында. Соңғы жылдары барлық шағын аудандар бойынша 58 тұрғын үй салынды. Ағымдағы жылы жалпы ауданы 83,2 мың шаршы метр  11 көпқабатты тұрғын үй  пайдаланылуға беріледі. «Жас Өркен» шағын ауданында ірі тұрмыстық және спорт нысандарының құрылысы басталды — теннис орталығы және Оқушылар сарайы. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Солнечный» шағын ауданы салынуда. Шағын ауданның басты ерекшелігі 10 сотық алаңы бар жеке үйдің құрылысы болып табылады. 2094 жеке учаскеде бір архитектуралық стильде жеке үй салынады» — деді М. Тасмағанбетов.

Қаладағы тұрғын үй абаттандырылған қоры 1061 көпқабатты тұрғын үйден тұрады. ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 161 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 2018 жылы тағы 20-көпқабатты үй жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Қаланың эстетикалық келбетін жақсарту бойынша ғимараттардың сыртын сырлау жұмыстары Жамбыл, Бейбітшілік пен Интернациональный көшелерінде жүргізілуде.  Ал, ірі қалалар сияқты заманауи архитектуралық келбетке ие болу үшін Жамбыл мен Бейбітшілік  көшелеріндегі 2 үйдің сыртына граффити салынады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы 8 магистраль орташа жөндеуден өтті. Бүгінде 18 көшені жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қалаға заманауи сипат беру үшін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалада 70 балалар ойын алаңын абаттандыру көзделген. Бүгінде 53 алаң абаттандырылып, жұмыстар жалғасуда. Бұдан басқа, 17 аулада қала тұрғындарының жас ерекешелігіне қарамастан бірдей белсенді тынығуы үшін арнайы жаттығу жасайтын құралдар орнатылған, 6 футбол алаңы жасақталған. Сутюшев, Жұмабаев, Жамбыл көшелерінде жарықтандыру бойынша жаңғырту жүргізілді. Қазақстан Конституциясы көшесінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл көше адам көп жиналатын, елдің тарихымен етене жақын бірегей көше.  





Яндекс.Метрика