Ұлттың денсаулығы

Екі медициналық оқу орын зерттеу институты мәртебесіне ие болады

Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің НУ Медицина мектебімен (NUSOM), Пенсельвания Университеті (АҚШ) және Дьюк Университетінің Медицина мектебімен бірлескен қазақстандық топ-менеджерлердің және медициналық ЖОО оқытушыларының Назарбаев университеті Білім берудің жоғары мектебімен (NUGSE) әзірленген бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырудың қарқынды курсы өткізілуде.
Астана қаласы 13 Қыркүйек, 18:47

Курстың бағдарламасымен медициналық білім беру менеджменті, ЖОО автономиясы, академиялық көшбасшылық, сапаны және білім беру сапасын құрылымдық бағалауды қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу көзделген. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы ЖОО-ның стратегиялық серіктестігін дамыту, жоғары білім беруді қаржыландыру, ғылым және инновацияларды басқару бойынша тақырыптар қарастырылған.

Аталған курсты өткізу медициналық білім және ғылым менеджерлерінің әлеуетін дамытуға, жаңа нысандағы профессорлық-оқытушылар құрамын дайындауға, ұйымдардағы корпоративтік басқаруды дамытуға мүмкіндік береді.

Академиялық және басқару дербестігі мәселелері бойынша медициналық білім және ғылым ұйымдарының алдыңғы қатарлы шетел медициналық білім беру ұйымдарымен әріптестігі, Назарбаев Университеті тәжірибиесі меди циналық білім және ғылымды дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, Еліміздің барлық медициналық ЖОО құрылымдық аккредитациядан өтті және ДДСҰ/ Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының «Авиценна Директориясы» Дүниежүзілік деректер базасына енгізілді. Бірқатар бакалавриаттың, резидентураның, магистратураның және докторантураның білім беру бағдарламаларының аккредитациядан өтуіне негіз болған арнайы аккредитацияның ұлттық стандарттары (ДДСҰ/ДМББФ) әзірленді. Денсаулық сақтау мамандары және медициналық білім беру ұйымдарының түлектері сертификациясының жаңа үдерісі қалыптастырылды.  Республикалық білім және дағдыларды бағалаудың орталығы және еліміздің 16 өңірінде өңірлік симуляциялық орталықтардың желісі қалыптастырылды.

Медициналық ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін негізгі компетенциялар анықталды, оның негізінде «Медициналық білім беру ұйымдарының оқытушысы» атты білім беру бағдарламасы әзірленді. Еуропалық білім беру стандарттарына және Қазақстанның практикалық денсаулық сақтау саласының қажеттілігіне сай, білім берудің барлық деңгейлерінің бағдарламалары қайта қарастырылды.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық медициналық ЖОО АҚШ, Польша, Швеция, Италия мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерімен меморандум жасады. Стратегиялық әріптестік көмегімен отандық ЖОО-ның өздерінің білім беру өнімдерінің маркетингін біршама жақсартатындығы, жаңа шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік алуы, өз бағдарламаларының абыройын көтеруі күтілуде.

Қазақстанның медициналық ғылым саласын халықаралық стандарттарға жақындату және медициналық ЖОО-ның ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында ұжымдық пайдалану зертханаларын әзірлеу және дамыту, ПОҚ және студенттердің зерттеу әлеуетін арттыру, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау арқылы университеттік ғылымды дамытуға назар аударылды. Сонымен қатар, негізгі мақсаттарының бірі ғылым, білім және тәжірибие интеграциясы болып табылатын біріккен академиялық медицина орталықтарын және университеттік клиникаларды қалыптастыру көзделген. 2018 жылдың соңында 2 медициналық ЖОО-ның зерттеу университеттері статусын алатындығы күтілуде.       

Естеріңізге сала кетейік, медициналық білім және ғылымды реформалау, денсаулық сақтау саласында тиімді кадр саясатын қалыптастыру мәселелері 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мембағдарламасында қарастырылғандығын ескертеміз. Оның шеңберінде негізгі мақсаты ұлттық халықаралық тәжірибиені және медициналық ЖОО-ның алдыңғы қатарлы шетел университеттерімен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестігін енгізу негізінде ҚР-да медициналық білім беруді жаңғырту бойынша жоба жүзеге асырылуда.





Яндекс.Метрика