EXPO-2017

ҚТЖ ЭКСПО-2017 көрмесіне келген жолаушыларды санады

«Нұрлы жол» вокзалы кешені биылғы 1-ші маусымнан іске қосылғалы бері екі миллионға жақын жолаушыларға қызмет көрсетті, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы 13 Қыркүйек, 17:58

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің өткізу әлеуеті тәулігіне 35 мың адамды құрайды. Негізгі ауырлық жаз айларына түседі. Биылғы жылы жазда Алматы-2 – Астана-Нұрлы жол, Үрімжі – Астана-Нұрлы жол, Защита – Астана-Нұрлы жол, Алтынкөл – Астана-Нұрлы жол, Қызылорда – Астана-Нұрлы жол, Ақтөбе – Астана-Нұрлы жол» бағдарларына жолаушылар өте көп болды»,-дейді «Нұрлы жол» вокзал кешенінің директоры Д. Құсайынов.

Д. Құсайыновтың айтуынша, жолаушылардың Астанаға ағылуы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына байланысты болды. Үш ай бойына  қала қонақтары, қазақстандық және шетелдік туристер топ тобымен келді. Олардың қатарында 7,5 мыңнан астам балалар болды.

«Нұрлы жол» вокзал кешені бағдарының аясын ұлғайту мақсатында биылғы жылы Самаркан – Астана-Нұрлы жол, Душанбе – Астана-Нұрлы жол и Үрімжі – Астана-Нұрлы жол халықаралық бағдарлары ашылды.

Қазіргі таңда «Нұрлы жол» вокзал кешені арқылы 54 пойызды қабылдап, жөнелтеді. Вокзал қызметкерлері қала қонақтары мен шетелдік туристерге, жолаушыларға қалтқысыз қызмет көрсету сапасын өсіре түсуде.





Яндекс.Метрика