Халықаралық интеграция

ИСЕСКО ғылым, технологиялар мен инновациялар бойынша кафедрасын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашады

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Астанадағы ғылым мен технологиялар бойынша ИЫҰ саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Астана қаласы 13 Қыркүйек, 20:31

Қ. Абдрахманов Марокконың сыртқы істер және халықаралық қатынастар  министрі Насер Буритамен кездесті. Ол ИЫҰ саммитінде корольдіктің делегациясын басқарып келген.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Марокконың халықаралық қатынастары мен екіжақты байланыстарының негізгі мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, Қайрат Абдрахманов Комо аралдары одағының вице-президенті, көлік, пошта және коммуникация министрі  Абдалл Саид Сарумамен кездесті.

Жоғары дәрежелі қонақ Қазақстанға және жеке Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа  аталмыш шағын аралдық мемлекеттің дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Саммит аясында сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Абдрахманов Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымының (ИСЕСКО)бас директоры Абдулазиз Осман әл-Туэйджримен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен ИСЕСКО-ның серіктестік орнату мүмкіндіктерін талқылады.

ИСЕСКО бас директоры Абдулазиз Осман әл-Туэйджри ИСЕСКО ғылым, технологиялар мен инновациялар бойынша кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылатыны туралы хабарлады.  





Яндекс.Метрика