Энергетика

Астана жылу маусымына толықтай дайын

Мектептер, ауруханалар мен мәдениет нысандары 100%-ға, көпқабатты тұрғын үйлер 97%-ға жылу маусымына дайын, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Астана қаласы 13 Қыркүйек, 16:14

«Астана-Энергия»АҚ негізгі және көмекші құралдарының жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүзеге асырылуда.  Бүгінде қаладағы 2 360 тұрғын үй нысандарының 2 290 жылу қабылдауда. Жылу маусымы басталғанға дейін барлық көпқабатты тұрғын үйлер толығымен дайын болады.

Сонымен қатар, ЖЭО-1 дайындығы 85,1%, ЖЭО-2 дайындығы  74% құрады. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу маусымынаң басына дейін барлық жылу электр орталықтарына жылу маусымына дайындығы туралы төл құжаттар берілетін болады. Көмекші және негізгі құралды жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай сәуір мен қыркүйек айы аралығында жүзеге асырылуда.  

Сонымен қатар, қалалық әкімдіктен еске салып кеткендей, тұрғын үйлерге жылу ауа температурасы бес күн қатарынан 10 градус болған жағдайда беріле бастайды. 





Яндекс.Метрика