100 жаңа есім

100 жаңа есім : Айгүл Ниязова

Айгүл Ниязова Павлодар қаласындағы Құрманғазы атындағы музыка мектебінде фортепиано және консерваторияны класында опералық ән айтуға маманданған, деп хабарлады el.kz.
Астана қаласы13 Қыркүйек , 16:33

Айгүл Ниязова 1978 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері.

2001 жылы Айгүл К. Байсеитова атындағы ұлттық опера және балет театрының жетекші солисті болып жұмысқа орналасты. Ал Италиядағы Pergolesi-Spontini театрында және Ла Скала академиясында тәжірибеден өтіп, білімін толықтырды.

2013 жылдан бастап Айгүл «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера жетекші солисті атанды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова, «Шабыт» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (Астана, 2001), Н.Сабитова атындағы вокалистер халықаралық байқауының лауреаты (Уфа, 2002), , К. Байсейітова атындағы Халықаралық опера фестивалінің лауреаты (Астана, 2002), Л.Собинов атындағы халықаралық опера фестивальінің дипломанты (Саратов, 2003 ж.) және «Янтарный соловей» атты Халықаралық камералық спектакльдің ІІІ сыйлығының лауреаты (Калининград, 2004).

Айгүл Ниязова жыл сайын ТМД елдеріндегі және шетелдердегі Қазақстанның мәдениет күндеріне қатысады. «Астана Опера» театрының әлемдік экскурсиясы шеңберінде ол АҚШ пен Еуропаның белгілі сахналарында өнер көрсетуде.




Яндекс.Метрика