Экономика

Литваның кәсіпкерлері қазақстандық бизнестің ерекшеліктерін зерттеуде

Литваның кәсіпкерлері Алматының дүкендерін аралап өтті. Олар ондағы тауарлар мен олардың сапасын зерттеуде. Қонақтар бірлескен бизнесті дамыту үшін шешімдер табуға ниетті, деп хабарлады atameken.kz.
Алматы қаласы 13 Қыркүйек, 14:35

«Біз қазақстандықтарға ненің ұнайтынын және сіздің нарығыңызда өз тауарларымызды қалай ілгерілетуге болатынын түсінуіміз қажет. Мысалы, дүкендердің бірінде "литвалық" деп аталатын нанды көріп қалдық. Сатып алып, дәмін көрдік. Бұл литвалық нан емес. Алайда, оған сұраныс бар. Демек, осы бағытта жұмыс істеуге болады. Литвалық нан ашытқысыз, табиғи, қара нан», - деді Литваның Сауда-өнеркәсіптік палатасы халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Ангелия Зокайтене.

Осы жолы Алматыға Литваның суды, көркемдік шыны мен жиһазды тазалау аппараттарын шығаратын компанияларының өкілдері келді. Олар компаниялардың негізінен экспорт бойынша жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ қонақтар "Атамекен" ҚР ҰКП жұмыс тәжірибесіне де қызығушылық танытты. Екі ел Палаталарының негізгі бағыттары ұқсас екенін байқады.  

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары биылғы жылдың басынан бері кәсіпкерлерге 11 мың тегін қызмет көрсеткен. Олардың 600-і - бизнес-жоспарларды дайындау. Біз бизнес-жоспарлары дайындалған кәсіпкерлердің 15%-ы қаржыландыруға: мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелер мен гранттарға ие болғанына қуаныштымыз», - деп бөлісті Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры  Юрий Тілеумұратов.

Сондай-ақ ол Қазақстан бизнесті жүргізу үшін жағдайлар рейтингінде көптеген көрсеткіштер бойынша алдыңғы орын алатынын атап өтті. 





Яндекс.Метрика