Білім беру

Қазақстанның жоо студенттері ҚР ҚАӨМ алаңында тағылымдамадан өте алады

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады ведомствода.
Казахстан13 Қыркүйек , 12:16

Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) мен Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындары арасында ақпараттық қауіпсіздік, ғарыш қызметі саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 

Сондай-ақ қол жеткізілген келісушіліктер аясында Алматы энергетика және байланыс университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық  техникалық зерттеу университетінің және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері ҚР ҚАӨМ қарамағындағы немесе оның сенімгерлік басқаруындағы ұйымдардың алаңында өндірістік тағылымдамадан өте алады. 

Мұндай өзара іс-қимыл электрондық өнеркәсіп және ақпараттық қауіпсіздік сияқты жас салаларды қалыптастыру кезінде ерекше қажет екенін атап өткен жөн. 




Яндекс.Метрика