Рухани жаңғыру

Астананың қоғам қайраткерлері Елбасының бастамасын қолдауға шақырды

Астанада "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылау бойынша отырыс өтті.
Астана қаласы 13 Қыркүйек, 11:58

Қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен өткен отырысқа республиканың, Астана қаласының қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, білім саласының өкілдері, Қазақстан xалқы ассамблеясының мүшелері, елорданың белсенді жастары қатысты.  

"Ұлттық өзін-өзі тануға, Қазақстанның руxани және экономикалық дамуына бағыт жаңа қазақ әліпбиі арқылы келеді. Бұл туралы сан алуан пікір бар. Қарсы шығып жатқан адамдар да бар. Алайда, әр қазақстандық латын қаріпіне көшу әлемдік өркениетке қосылу деп түсінуі керек", - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев. 

Отырыстың аяқталуы бойынша шара қатысушылары латын қаріпіне көшу жөнінде "Руxани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында Елбасының бастамасын бір ауыздан қолдауға шақырды. 

"Латын қаріпіне көшу біздің жан-жақты ойластырған, мақсатты түрде қабылданған шешім. Бұл заманауи егеменді мемлекеттердің талабына сай. Біз бүгінгі жиынның қатысушылары-Астана қаласы интеллигенті қоғамының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ҚХА мүшелері, елорданың белсенді жастары Елбасының сарабдал саясатын қолдай келе, қазақстандықтарды қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бастамасын бір ауыздан қолдап, мақұлдауға шақырамыз, - делінген үндеуде.





Яндекс.Метрика