Халықаралық интеграция

ОҚО-да түркиялық инвесторлар бірлескен жаңа екі жобаны іске асыруда

Оңтүстік Қазақстан облысында түркиялық инвесторлармен құны 12 млн АҚШ доллары болатын екі жоба жүзеге аспақ. Мұндай келісімге түрік бизнес–құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Астана қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде қол жеткізіліп отыр.
Оңтүстік Қазақстан 13 Қыркүйек, 11:34

Қазақстанға жасаған сапары кезінде елордамыз - Астанада «Оңтүстік» индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы мен түркиялық бизнесмендер арасында құны 12 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық екі құжатқа қол қойылды.

Қазақ-түрік индустриялық аймағында осы жылы іске асырылатын жобаның бірі - қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн АҚШ доллары) болса, екіншісі -  құны 10 млн АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты.

Бүгінде аумағы 50 гектарды алып жатқан «Қазақ-түрік» индустриялық аймағында жалпы құны 37,5 млн АҚШ долларын құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар іске қосылғанда жаңа 900 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, жыл соңына дейін аталған индустиялық аймақта «Gold Aluminum» ЖШС-нің ПВХ профильдері мен ПВХ және алюминийден жасалған ашық құрылымдарды өндіретін шағын цехы іске қосылады.

Еске салсақ, 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Түркияның бизнес құрылымдарының өкілдерімен кездесуі өткен болатын. 





Яндекс.Метрика