АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Жамбылдық құс фабрикасы жылына 80 млн жұмыртқа шығаруды жоспарлауда

Жамбыл облысындағы жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы өндірістік қуаттылығын арттыруда.
Жамбыл 13 Қыркүйек, 10:32

Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлағандай, кәсіпорын жуырда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Жамбыл ауданында ашылған болатын. Бүгінде құс фабрикасы күніне 75 мың жұмыртқа шығару қуаттылығына ие.

Келесі жылдан бастап ресейлік және еуропалық технологиямен жылына 80 миллион дана жұмыртқаға дейін шығару жоспарлануда. Сапалы өнімге жергілікті нарықта сұраныс артып келеді. Иран мен Ауғанстан елдері де келісімшартқа отыруға ниетті.

Жамбыл ауданындағы құс фабрикасы мемлекеттік жобамен бір жарым ай бұрын іске қосылған. Мұнда асыл тұқымды тауықтар балапан кезінде жеткізіліп, қазіргі таңда жылына 330 күн бойы жұмыртқа беруде.

Сондай-ақ, құс фабрикасында голландтық технология қолданылады және Испаниядан алынған керекті құрал-жабдықтар қазан айының соңында іске қосылады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні 45 пайызы іске қосылып тұр.

Аталған жұмыртқа шығаратын фабрикада 40-қа жуық адам еңбекпен қамтылған. Кәсіпорында көбіне жергілікті тұрғындар жұмыс істейді, ал технолог және ветеринар мамандардың жетіспеуіне байланысты Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген.

Айта кетерлігі, кәсіпорында күніне 3 мыңға жуық жұмыртқа тартпасы шығады. Формасына қарай элиталы жұмыртқа, орташа санаттағы жұмыртқа және кіші жұмыртқа болып бөлінеді. Сынықтары бөлек сұрыпталып, дайын өнім қораптарға салынып жөнелтіледі.

 Жалпы, жобаның құны 1 миллиард теңгеге жуық. Фабрика толық қуатта жұмыс істеуге шыққанда құс саны екі есе артады. Бұл күніне 210 мың дана жұмыртқа алуға мүмкіндік береді.

Қазір арнайы қорада Ресейден әкелінген 93 мың балапан өсіріліп жатыр.





Яндекс.Метрика