Парламент

Мәжілісте бюджеттің үкіметтік жобасы таныстырылды

Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі, кейіннен 2022 жылы 4,2%-ға өсуімен, 2018 жылы 3,1% деңгейінде болжануда. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілісте ел бюджетінің жобасымен таныстыру барысында мәлім етті.
Астана қаласы 13 Қыркүйек, 09:54

Халық қалаулыларына үш жылдық республикалық бюджет жобасын таныстырған қаржы министрі бюджет түсімдері құрылымының сапалы өзгеруі; мұнай түсімдерінің 1 902,3 млрд теңге азаюы; мұнайлық емес түсімдердің 852 млрд теңгеге өсуі көзделгенін жеткізді.

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес кепілдендірілген трансферт мөлшері жыл сайын 2018 жылы 2,6 трлн теңгеден 2020 жылы 2 трлн теңгеге төмендейтін болады. Мұнайлық емес түсімдердің ұлғаюы мемлекеттік қаржы-қаражатты жаңғырту қабылданатын шаралар мен салықтық әкімшілендіруді жақсарту шеңберінде экономика өсуі есебінен күтіледі. Республикалық бюджет шығыстары 2018 жылға 9 217,9 млрд теңге, 2019 жылға 9 798,2 млрд теңге, 2020 жылға 10 219,7 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, бюджет жобасы әлеуметтік бағытты сақтайды. Әлеуметтік блоктың шығыстары 2018 жылы 4 101,3 млрд теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінен 44,5% құрайды. Үш жылдық кезеңде экономикалық өсудің жаңа моделін құру бойынша міндеттерді іске асыру экономиканы технологиялық жаңғырту және цифрландыру, жаппай кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ дәстүрлі базалық салаларды – аграрлық секторды, көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бюджет тапшылығы 2019 жылы жалпы ішкі өнімге 1%-ке дейін біртіндеп төмендейтін болады. Жалпы алғанда, жаңа бюджетке салынған мұнай тәуелділігінен біртіндеп кету және бюджет тапшылығын төмендету мемлекеттік қаржы тұрақтылығының ұзақ мерзімді трендін анықтайды.

"Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі, кейіннен 2022 жылы 4,2%-ға өсуімен, 2018 жылы 3,1% деңгейінде болжануда. 2018 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 55 906,2 млрд теңгеден 2022 жылы 75 875,4 млрд теңгеге дейін өседі. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2022 жылы 11,7 мың АҚШ долларына дейін ұлғая отырып, 2018 жылы 9,0 мың АҚШ долларын құрайды. Мұнай өндіру көлемі 2018 жылы 86 млн тоннадан 2022 жылы 88,6 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Экспорт 2022 жылы 60,6 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайып, 2018 жылы 47,5 млрд долларын құрайды, импорт 2018 жылы 34,0 млрд АҚШ долларынан 2022 жылы 45,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Ұлттық Банк инфляцияның жылдық мақсатты дәлізін кейіннен 2020-2022 жылдары 3,0-4,0%-ға дейін төмендеуімен, 2018 жылы 5,0-7,0%, 2019 жылы 4,0-6,0% шегінде сақтаған", - деді Б. Сұлтанов.

Мәжіліс отырысында сөз сөйлеген Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт 2018 жылы – 2 трлн 600 млрд. теңге, 2019 жылы - 2 трлн 300 млрд. теңге, 2020 жылы - 2 трлн теңге көлемінде айқындалғанын айтты. 2018-2020 жылдарға жоспарланған кепілдендірілген трансферттің мөлшері Ұлттық қордағы төмендемейтін қаражат қалдығы бойынша шектеудің орындалуын (ЖІӨ-ден кемінде 30 % төмен емес) қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасы енгізілді. Ұсынылып отырған түзетулер бюджеттік процессингті жеңілдету арқылы мемлекеттік қаражатты экономикаға өткізуді тездетуге, қаражаттың игерілмеуін азайтуға, МЖӘ жобалары санының ұлғаюына, сондай-ақ көбірек дербестік берген кезде мемлекеттік органдар жауапкершілігінің артуына ықпал ететін болады. Бұл әкімшілік шығыстарды жоспарлау жеңілдетіледі. Нәтижесінде орталық және жергілікті деңгейлерде 1,5 мыңнан астам құжат қысқартылады. Орталық және жергілікті деңгейлерде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша дербестік кеңейтіледі, ол қаражатты неғұрлым сапалы игеруге мүмкіндік береді. МЖӘ жобаларын дайындау мерзімі 7 айдан 3 айға дейін қысқартылады", - деп түсіндірді экономика министрі Т. Сүлейменов.

Мәжілістегі таныстырылым Қаржы және бюджет комитетінің отырысы шеңберінде Гүлжан Қарағұсованың төрағалығымен өтті. Бюджеттік заңжобаларының одан әрі әргі талқалаулар осы Комитеттің мүшелері Сергей Симонов пен Омархан Өксікбаев бастайтын жұмыс топтарында өтетін болады. 





Яндекс.Метрика