Рухани жаңғыру

А.Жүнісбек: Латыншаға көшу – қазақ әліпбиін реформалау

Латыншаға көшу – бұл қазақ әліпбиін алдыңғы қатарлы және түбегейлі реформалау. Бұл туралы А.Байтұрсынов атындағы тілтану институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбек ОКҚ-да мемлекеттік әліпбидің бірыңғай стандартына арналған баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы 12 Қыркүйек, 18:59

Әлімхан Жүнісбектің пайымынша, бүгінде латыншаға көшуді көпшілік әліппедегі таңбалардың басқасына ауысуы ретінде қабылдайды.

«Латыншаға көшу –  бұл қазақ әліпбиін алдыңғы қатарлы және түбегейлі реформалау болып табылады. Уақыт өткен сайын кез-келген мемлекет пен халық өзінің жазбасын жақсарту мақсатында өзгерістерге ұшырап жатады. Тарих өзі көрсетіп отырғандай бастапқыда кез келген реформа алаңдаушылық тудырады. Себебі әр реформаның өз жақтаушысы мен даттаушысы болады», - деп есептейді спикер.

Ә. Жүнісбек атап өткендей, латыншаға көшу бойынша реформаны қазақ тілі үшін заңдалық ретінде қабылдау керек.

«Бұл реформа үш пункттен тұратын болады. Біріншіден, тек қазақ тіліне тән дыбыстардың құрамын анықтап алу керек.  Екіншіден, сәйкесінше таңбаларды іріктеп алу керек. Үшіншіден аталмыш әліппе үшін шрифт  ережесін жасақтау керек», - деп түсіндірді профессор.

Ә. Жүнісбек сендіріп кеткендей, егер біз реформаның барлық пункттерін іске асыратын болсақ, жазбаны реформалау сәтті өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа әліппеде 25 әріп пен тек  қазақ тіліне тән 8 дыбысты білдіретін  8 диаграф болады. 





Яндекс.Метрика