Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Астанада шетелдік мигранттардың еңбегі заңдастырылатын болады

Астанада 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге патенттер берілетін болады. Бұл туралы қаланың ресми порталы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүльвира Дөненбаеваға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Нұр-Сұлтан08 Қаңтар , 18:15

«Қазіргі уақытта патенттің құны екі айлық есептік көрсеткішті, яғни 3704 теңгені құрайды, және ол жеке тұлғаларға шетелдік азаматтарды үй шаруасын жүргізуге, жылжымайтын мүлікті - жеке меншікті үйлерді, пәтерлерді, коттедждерді жөндеуге және т.б. тарту үшін беріледі. Бұл жаңашылдық тек жеке тұлғаларға ғана қатысты. Бір жеке тұлға 5 шетелдік азаматты жұмысқа жалдай алады. Айта кетейік, бұл адамдар үй шаруашылығында аспаз, бала күтуші, бағбандар болып істейді. Патенттің әрекет ету мерзімі: кем дегенде бір ай, ең көп дегенде бір жыл. Мерзімі өткен соң шетел азаматы өз еліне кетуі тиіс, ал егер бұдан әрі жұмыс істемек болса, онда 6 күнтізбелік күн өткен соң қайта патент алады», - деп мәлімдеді Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүльвира Дөненбаева. 

Оның айтуынша, патенттер ҚР визасыз режим жасасқан ТМД азаматтарына беріледі. Бұл құжатты алу үшін шетелдік азаматтар Көші-қон полициясы басқармасына өтініш жазып, екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде (3704 теңге) мемлекеттік баж төлейді. Еңбек мигранттары тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген жағдайда жеке тұлғалар Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Алдымен осындай бұзушылық үшін 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (55 560 теңге), ал қайталанған жағдайда 50 АЕК (92 600 теңге) айыппұл салынады. 

Айта кетейік, бір жылдың ішінде Астанада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды.

 




Яндекс.Метрика