Экономика

2017 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,8%-ды құрады

2017 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-тамыз аралығымен салыстырғанда 105,8%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Астана қаласы 12 Қыркүйек, 19:57

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60%-нан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2017 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4802,1 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,4% артық.

2017 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 14184,5 млрд теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 8,5% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 11,3%, өңдеу өнеркәсібінде - 6,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 5,2% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,2% төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1614,9 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,9% артты.

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,7%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 353,9 млрд ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 8,1% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 176,7 млрд жкм құрап, 3,3% артты.

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,9%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,9%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 5480,3 млрд теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,3% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 11784,5 млрд теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 101,3% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 42901,4 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 29,2% артты, соның ішінде экспорт – 26939,1 млн АҚШ долларын (35,3% көп), импорт – 15962,3 млн АҚШ долларын құрады (20,1% көп).

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 402975 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 394117 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 249231 құрады, оның ішінде 240867 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы тамызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,9% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 3,6%, азық-түлік емес тауарларға – 4,2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы тамызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 5,6% жоғарылады.

2017 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 77272 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы шілдеге қарағанда 3,5% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,4% төмендеді.

2017 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 148160 теңгені құрады.

2017 жылғы тамызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 437 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы тамыздын соңына 143,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,6%.





Яндекс.Метрика