Цифрлы Қазақстан 2020

"Қазконтент" АҚ жаңа интернет-маусыммен таныстырды

"Қазконтент" акционерлік қоғамы оның құрамына кіретін бірқатар интернет-ресурстарды жаңартты.
Астана қаласы12 Қыркүйек , 20:07

Жалпы ребрендинг бойынша жұмыс жүргізілді. Негізгі сәт - «Қазконтент» логотипінің өзгеруі, бұдан бөлек, АҚ латын жазуына көшу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Акционерлік қоғам енді латын форматында «Qazcontent» деп жазылады. Қазконтент құрамындағы интернет-ресурстар әлемнің барлық елдерінде оқылатынын айта кеткен жөн. 

Сонымен қатар, ребрендингке келетін болсақ, мысалы, Strategy2050.kz АА өз интерфейсін өзгертті, ол анағұрлым тартымды болып, сайтпен жұмыс істеуді оңайлатады. Бұл интернет-ресурстың жаңа деңгейге шығып, оқырман назарын жаулап алуға көмектеседі. Бұдан бөлек, Baq.kz АА хабарландыру форматын өзгертті. 

Қазконтент таныстыратын жаңа интернет-маусымда сайттар жаңа форматта жұмыс істейтін болады. Ұсынылған сайттардың әрқайсысында жаңа жұмыс нұсқасы, жаңа жобалары болады, олар оқырманның сайтпен жұмыс істеуін оңайлатуға бағытталған, бұл жаңалықтар сапасын едәуір жақсарта түседі.   

Мысалы, «Strategy2050.kz» АА өз ресурсында "Стратегия" пікірталас клубының сарапшыларына арналған алаң ұсынады, онда нақты уақыт режимінде өзекті тақырыптар талқыланады. Стратегия - бұл ең өзекті тақырыптар мен мәселелер, нақты жауаптар мен ерекше пікірлер.  

Сондай-ақ жаңа маусымда "Қазконтент" жаңа интернет-арнамен таныстырмақ. 




Яндекс.Метрика