Парламент

Сенат комитетінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Сенат комитетінде ЕАЭО-ғаи мүше мемлекеттер арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлады Парламенттің жоғарғы палатасынан,
Астана қаласы 12 Қыркүйек, 17:57

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Келісім қызметтік және азаматтық қаруды өткізу мен оның ішкі транзитіне байланысты қатынастарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында осындай өткізу мен ішкі транзитті мемлекеттік бақылауға байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауды реттеуге бағытталған.

Келісімде қызметтік және азаматтық қаруды өткізу мен оның ішкі транзиті кезінде жүзеге асырылатын жағдайлардың тізбесі реттелген, Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін нысан бойынша бірыңғай құжат негізінде міндетті рұқсат беру тәртібі белгіленген.

Келісімді ратификациялау осы қару түрін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің аумағында өткізуді оңайлатуға, нақты айтқанда қаруды әкелу және әкету үшін рұқсат беру құжаттарын беру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.





Яндекс.Метрика