Экономика

"Даму" қоры Ақтөбе облысында 900-ден астам ШОБ-ты қаржыландырған

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Сбербанк" АҚ еншілес банкі мен "Даму" қорының басшыларымен кездесті.
Ақтөбе 12 Қыркүйек, 14:58

Кездесу барысында ҚР Президентінің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі тапсырмалары аясында ынтымақтастықты дамыту, бизнесті қолдау және несиелендіру, тұрғын үй құрылысын ынталандыру мәселелері талқыланды. 

Өңір басшысы өңірдегі қаржы институттарының қызметін жоғары бағалады. 

Бердібек Сапарбаев бүгін облыста ҚТҚЖБ-ның 74 мыңнан астам салымшысы бар еенін және облыс осы көрсеткіш бойынша алдыңғы орын алатынын атап өтті. 

«Осының барлығы банктің дұрыс жұмыс істейтінін, халықта қызығушылығы мен төлем қабілеті бар екенін білдіреді. Алайда, ең бастысы, мерзімі өткізілген қарыздар жоқ. Бұл жақсы көрсеткіш», - деді облыс әкімі.

"Даму" қорының жұмысы туралы айта отыра, Б. Сапарбаев соңғы екі жыл ішінде қор өңірде 48 млрд теңге сомасына 900-ден астам кәсіпкерлік субъектісін қаржыландырғанын атап өтті. 

Қонақтар экономиканың барлық салалары бойынша өңірдің жоғары даму қарқыны мен қолайлы инвестициялық климатын атап өтті, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдірді. 

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар оң нәтижелерге қарамастан, тұрғын үй құрылысы көлемдерін ұлғайту және шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру қажет деген ортақ пікірге келді. 





Яндекс.Метрика