Өңірлер

Кадр тапшылығын жою үшін тұрғын үй мәселесін шешу қажет - Ж. Түймебаев

Облыста кадр тапшылығын шешу үшін әрбір аудан, қаладағы елді мекеннен қызметтік тұрғын үй салу қажет. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында айтып, тиісті сала басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды.
Оңтүстік Қазақстан 11 Қыркүйек, 18:31

Сапалы кадр дайындау заман талабы екенін айтқан аймақ басшысы  әрбір қызметкерге барынша жағдай жасау қажеттігін жеткізді.

«Білікті кадрды жұмысқа алу үшін оған, ең алдымен, үй мәселесін шешіп беруіміз керек. Сондықтан, Оңтүстіктегі әрбір ауылдық округтен 20 пәтерлі екі қабатты, ал аудан орталығынан 30-40 пәтерлі көпқабатты типтік үлгідегі тұрғын үй  салуды биылғы жылдан қалмай қолға алуды құрылыс басқармасына тапсырамын. Осы арқылы біз маман тапшылығын жойып, сапалы кадрға қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бұдан бөлек, жұмыстың сапасын арттырып, білікті кадрлар дайындау үшін ротациялау тетігі арқылы облыс бойынша мамандарды өзге аудандарға жұмысқа жіберу тиімді әдіс болып табылады», - деді әкім.

Сонымен қатар, өңір басшысы тұрғын үй салу арқылы аудан әкімдерінің қызметі мен индикаторлық көрсеткіштері бағаланатынын да атап өтті.

ОҚО әкімдігінің мәліметі бойынша, өңірдегі 15 аудан, қала әкімдіктерінен және салалық басқармалардан 87 мамандық бойынша 14374 орынға сұраныс келіп түскен.





Яндекс.Метрика