Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы уақытылы жүзеге асырылса, Қазақстан гүлденген елге айналады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы уақытылы жүзеге асырылса Қазақстан қуатты, гүлденген елге айналады. Бұл туралы қоғам белсендісі, блогер Сырым Әбдірахманов «Стратегия» пікірталас клубының отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы08 Қыркүйек , 17:50

««Рухани жаңғыру»  бағдарламасы өте тиімді бағдарлама. Егер біз аталмыш бағдарламаның барлық жобаларын   уақытылы  жүзеге асыратын болсақ. Қазақстан  2050-де  емес,  2030 жылға дейін гүлденген, жастарының көзі ашық, экономикалы, ірі мемлекетке айналады», - деді С.Әбдірахманов.

 Сондай-ақ, ол жақында Елбасы кідірте  тұруды тапсырған МӘМС жүйесі туралы өз пікірін айтып өтті.

«МӘМС жүйесі  бүгінгі уақыт талабына сай  келмейді. Бұл халықтың наразылығын туғызған жобалардың бірі. Міндетті әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  бастамасы жақсы басталған болатын. Бірақ, ол енгізілгенде халықтың қызығушылығына жауап беріп, әл-ауқатына сәйкестіктен ажырап кетті», - деді ол.

Оның айтуынша, өзін-өзі  жұмыспен қамтығандар өздеріне жарна енгізуге қауқарсыз. Себебі, олар жұмыссыз болып есептеледі.  

«Мысалы, өзін өзі қамтығандар айтады,  ғана сиырым бар, оны сауам, оның сүт өнімдерін базарға апарып сатам дейді. Күніне  2-3 мың табамын дейді. Ол адам  табысынан жарна төлей алмайды. Бұл жұмыссыз деген сөз. Себебі,  сиыр  365 күн  сүт бермейді», - деді С.Әбдірахманов.

 

Аягөз Құрмаш

 

 

 




Яндекс.Метрика