Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады

Бүгін, 8 қаңтар Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады, деп партияның ресми порталы хабарлады.
Астана қаласы08 Қаңтар , 16:31

«Қабылдау барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов азаматтардың балаларын емдету және оңалту мәселелеріне жағымды шешім шығарды.Өз кезегінде, Ерік Байжүнісов жақын арада балаларға тиісті көмек көрсетілетіндігіне сендірді», - делінген хабарламада.

Ерік Байжүнісовтың атап өткеніндей, азаматтар негізінен аймақтық денсаулық сақтау органдары тарапынан шешімін таппаған проблемалар бойынша өтініш білдіріпті.

«Аймақтық басқармалар азаматтармен тиісті жұмыс істемеуі салдарынан, олар тікелей министрлікке шағымдануға мәжбүр. Бұл, ең алдымен, жергілікті органдардың, сондай-ақ медицина мекемелері жұмысының салғырттығы. Бүгінгі күнде  жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметін, емханаларды реформалаудамыз», - деді вице-министр.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика