G-global

БҰҰДБ: Қазақстан өңірлік ынтымақтастық саласында үздіктердің қатарында

Қазақстан өңірлік ынтымақтастықта үздіктер қатарынан орын алды, біз Қазақстан тәжірибесін өзге дамып жатқан елдерге енгізіп отырмыз. Сондықтан да біз үшін қазақстандық халық пен Қазақстан Үкіметімен серіктестік тек ұлттық мақсатта ғана емес, жаһандық тұрақтылықты дамыту саласында маңызды болып отыр. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Өкілі Манхтуя Алтенгерел ШҚО-ға барған ақпараттық тур барысында айтты.
Шығыс Қазақстан 04 Қыркүйек, 08:46

«БҰҰДБ Қазақстанда  1993 жылдан бастап  жұмыс істеп келеді, біз көптеген жобаларды жүзеге асырып жатырмыз, әсіресе, ШҚО-да. ШҚО-да  2015 жылы  ірі бағдарлама аяқталды, қазір жаңа жобалар мен бағдарламалар аясында ынтымақтастықты жалғастырғанды қалаймыз. 2017 жылдың соңында  қоршаған ортаны қорғау бойынша  ірі республикалық  жоба ашылады. Аталмыш жоба аясында  ШҚО-мен етене ынтымақтасқымыз келеді. Себебі, Қазақстанның орман жабындылары осы аймақта орналасқан», - деді М.Алтынгерел.

Ол айтып өткендей,  Париж келісімі аясында  қорғалатын   ШҚО-ның экожүйесі  көңіл көншітерлік.

«Біз Қазақстан үшін қуаныштымыз. Қазіргі таңда Париж келісімі мен тұрақты дамытудың жаһандық   ынтымақтастығы   аясында Қазақстан  2020 және  2050 жылдарға дейін міндеттерді атқаруы керек. Біз Қазақстанның барлық өңірлеріне «жасыл» экономика мен «жасыл» технологияларға өтуге жәрдемдесіп жатырмыз. Біз тек табиғатты қорғау,  ұлттық парктер    саласында ғана емес, ауыл шаруашылығы саласында да жұмыс істейміз. Себебі,  «жасыл» экономикаға көшу  экономиканың барлық саласында жүзеге асырылуы керек», - деді БҰҰДБ өкілі.

Сондай-ақ, ол айтып ткендей, БҰҰДБ  аудандық әкімдіктермен  жергілікті  өзін-өзі басқару  аясында жұмыс істейтін болады.

«Жаңа заң аясында біз жергілікті жерлермен, ауылдармен  «жасыл» экономикаға көшу бойынша жұмыс істейтін боламыз. Біз  су ресурстарын  сақтау жұмысын жалғасытырып жатырмыз. Қазақстан мен Орталық Азияның бірқатар  елдері су ресурстарын көп тұтынатындардың қатарында тұр. Халық басына шаққанда бұл көрсеткіш  6 мың текше метрді құрап отыр. Энергетикалық ресурстарды  сақтау, энергия тиімділік бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазір Қазақстанның  15 қаласын қамтып жатырмыз, әкімдіктермен бірігіп, энергия тиімді технологияларды  ТКШ саласына енгізудеміз, себебі ТКШ энергиятиімді сала болып табылады», - деді М.Алтынгерел.

Қорытындысында БҰҰДБ өкілі  Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу  адамзат үшін өте маңызды екенін айтып өтті.

«Біз ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді үлес қосып жатырмыз. Біздің өз павильонымыз бар, біз барлығын павильонымызды тамашалап, БҰҰ әлемге қандай көмек көрсетіп жатқандығымен танысуға шақырамыз. Қазақстан өңірлік ынтымақтастықта үздік елдердің  қатарында. Сондықтан да біз үшін  қазақстандық халық пен Қазақстан Үкіметімен серіктестік  тек ұлттық мақсатта ғана емес,  жаһандық тұрақтылықты дамыту  саласында маңызды болып отыр», - деді М.Алтынгерел.

Айта кетейік,  Біріккен ұлттар ұйымының даму  бағдарламасы қоғамның барлық санатымен ынтымақтастық жүргізеді, ол елдердің мемлекеттік құрылысына көмектесу арқылы  дағдарысқа қарсы тұрып, әр адамның өмірін жақсартуға мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.  177 ел мен аймақта жұмыс істей отырып, олар  жаһандық енгізу мен елдердің өмір сүру тұрақтылығын арттырады.  «Жасыл» экономика  ел бюджетінің шығынын төмендетеді.

Қайрат Жандыбаев

Фото: автор





Яндекс.Метрика