Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мәселелер бойынша заңнамалық түзетулерді мақұлдады

Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мәселелер бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан08 Қаңтар , 11:30

«Заң жобасын екінші оқылымда қарау барысында депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізді, атап айтқанда, балалардың құқықтарын қорғау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға қатыгездікпен қараудың салдарынан өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қабылдауға мүмкіндік беретін түзету енгізілді», - делінген хабарламада.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге өздерінің тұрғылықты жері бойынша көмек көрсету жөніндегі ұйымдар жоқ болса да тиісті көмекті, яғни тұратын жеріне қарамай алуға мүмкіндік беретін түзетулер ұсынылды.

 

 




Яндекс.Метрика