Энерготиімділік

ЕҚДБ Қазақстанға 1 млрд еуро инвестициялайды

ЕҚДБ-ның Қазақстанға инвестицияларының үлкен бөлігі жасыл экономиканы дамытуға бағытталған. Өз кезегінде банк жеке меншік секторы мен мемлекеттік кәсіпорындарға инвестициялайды. Бұл туралы "Әйелдер болашақтың энергиясы үшін" атты халықаралық форум аясындағы баспасөз конференциясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері хабарлады.
Нұр-Сұлтан31 Тамыз , 20:46

ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон бүгін банк жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялау мәселелері бойынша жұмыс істейді деп санайды.  

«ЕҚДБ-ның Қазақстан экономикасына қолдау көрсетуді жалғастыруға жақсы мүмкіндігі бар. Біздің елде жүргізіп жатқан жұмысымызға келетін болсақ, біз әр түрлі секторларда жұмыс істейміз, ол – энергетика, гендерлік мәселелер. Әзірше біз жарты миллиард еуроға жуық инвестицияладық. Қазақстанда іске асырған 17 жобаның ішінен  57% инвестиция жасыл компонентке және жобалардың 40%-ы гендерлік компонентке бағытталған», - деп хабарлады Б. Нельсон.

Ол банк елдегі ең ірі инвестор ретінде жеке меншік секторына, муниципалды инфрақұрылымға, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға инвестициялауға баса назар аударатынын қосты. 

«Бізде Қазақстан Үкіметімен реформалар жүргізуде қолдау көрсету үшін келісім бар. Біз әйелдерге табиғи ресурстар мен энергетика саласындағы өкілеттіктерді беруге қатысты жаңа бағдарламаларды іске асыруға ниеттіміз. Келесі 4 жыл ішінде біз осы екі салаға миллирд долларға жуық қаражат инвестициялаймыз», - деп атап өтті вице-президент.

ЕҚДБ-ның Қазақстандағы директоры Агрис Прейманс өткен жылы Қазақстан инвестициялар көлемі жағынан көп елдердің арасынан екінші орында болғаны туралы айтып берді. 

«ЕҚДБ үшін Қазақстан негізгі ел болып қалады. Біз 1 миллиард еуро инвестициялаймыз. Гендерлік жұмысқа келсек, біз әйелдердің мүмкіндіктерін жақсарту бойынша ғана жұмыс істемейміз. Бізде нақты бағдарламалар бар және олар қазір өз нәтижелерін беріп жатыр», - деп атап өтті спикер.

Осыған орай, Агрис Прейманстың хабарлауынша, ЕҚДБ 1 млрд долларды құрайтын бағдарламаны іске қосқан. 

 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика