Энерготиімділік

Қ.Әбдірахманов: Әйелдерге баламалы энергияның көздеріне қолжетімділік беруге болады

Адамзат энергетикалық революцияны ілгерілетуі керек, әйелдер бұған белсенді қатысулары керек, деді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов "Әйелдер болашақ энергиясы үшін» халықаралық форумында.
Нұр-Сұлтан 31 Тамыз, 11:25

«Біз энергетикалық рефолюцияны ілгерілендіруіміз керек, демек, әйелдер де бұған белсенді қатысулары керек.  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  гендерлік тепе-теңдікті қолдайды, саясатта әйелдер мен еркектер арасында теңсіздік болмауы керектігін айтады. «Жасыл несиелеу» жүйесі мен әйелдердің «жасыл жобаларға» қатысуын кеңейту  тиімді жасыл бизнес-модельді  дамытуға мүмкіндік береді», - деді СІМ  басшысы.

Қ.Әбдірахманов айтып өткендей,  ЭКСПО алаңында Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту халықаралық  орталығы бекітілді, орталық арқылы  «жасыл энергетика «саласында инновациялық әдістер айналымы орнатылды.

«Бүгінгі форум әйелдерге барлық қиындықтан арылуға көмектесуге арналған, олар баламалы энергия көздеріне рұқсат алуға лайық.  Сондай-ақ, әйелдер  планетаның  қозғалысында маңызды рөлге ие. Мен сіздерге СІМ атынан алғыс білдіргім келеді», - деді Қ.Әбдірахманов.

 

Айта кетейік, Астанада «Әйелдер болашақ энергиясы үшін»  халықаралық форумы басталды. Шараға  25 елдің  300 делегаты қатысып  жатыр.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика