Энерготиімділік

Г. Әбдіқалықова: Әйелдер қауымы баламалы энергетиканың дамуына ерекше үлес қосуы тиіс

Бүгін инклюзивті дамудың жаһандық тұрақты өсуінің дамуына әйелдер қауымының қатысуын жандандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Астанада өтіп жатқан «Әйелдер болашақтың энергиясы үшін» халықаралық форумында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 31 Тамыз, 11:14

Мемлекеттік хатшы бүгін адамзат Экономиканы цифрландырудың трансформациялық кезеңіне өткенін және жаңа технологиялардың таралуы жасыл экономиканы дамыту үшін жаһандық жағдайларды өзгертетінін атап өтті.

«Бүгін әлем әйелдер қауымының инклюзивті дамудың жаһандық тұрақты өсуін дамытуға қатысуын жандандыруы керек. Біз адамзаттың «жасыл» экономикаға және баламалы энергетиканы пайдалануға көшуіне ерекше үлес қосуымыз қажет», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Г. Әбдіқалықова форум алдында тұрған басты мәселелерді атап өтті.

«Біріншіден, бұл «Жасыл» технологиялар саласындағы әйелдердің жиынтық әлеуетін дамыту, озық технологиялар әзірлеуге жәрдемдесу және әйелдердің бастамаларына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. Екіншіден, жасыл экономика саласындағы әйелдер кәсіпкерлігі саясатын қалыптастырып, іске асыру, жобаларды инвестициялауға жан-жақты, соның ішінде әйелдердің қатысуымен мемлекеттік және жеке меншік деңгейінде қолдау көрсету», - деді ол.

Сондай-ақ қатысушылар бүгін болашақ, энергия тиімділігі мен таза технологияларды ілгерілету және әйелдердің саясаттағы, ғылым мен бизнстегі рөлін күшейту мәселелерін талқылайды.

«Адамзат бүгін Индустрия 4.0 трансформациясына аяқ басқаны белгілі. Әлемде технологиялық инновациялармен және цифрлық технологиялардың дамуымен байланысты құрылымдық өзгерістер орын алып жатыр. Олар жасыл экономиканы дамыту үшін жаһандық жағдайларды түбегейлі өзгертеді. Оның өсімінің басымдығы әлемдік келесі трендтер үшін дамитын жаңартылатын энергетика секторы болып табылады: Энергияны жинақтау мен сақтау технологияларын дамыту және олардың өсіп келе жатқан бағаға қатысты бәсекеге қабілеттілігі. Қаржыландыруға анағұрлым ашық қолжетімділік, осы сектордың дамуына оң әсер ететін саяси бастамалар. Климаттың өзгеруімен байланысты табиғи катаклизмалар проблемаларының шиеленісуі. Дамушы экономикалар тарапынан энергияға өсіп келе жатқан  сұраныс», - деді Г. Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, ЖЭК-ке жаһандық инвестициялар дәстүрлі энергетикадан озып, қауырт деңгейіне жетті.

«Жақында еліміздің энергетика министрлігі «Форсайт-2050» зерттеуін жүргізген еді. Энергияның жаңа әлемі және Қазақстанның орны, онда 139 ел бөлінісінде 6 млн дерек талданған. Онда 2050 жылға дейін энергияға жалпы сұраныс 3% төмендейтіні, көмір қажеттігі 2 есе төмендеп, мұнай қажеттігі күніне 95 млн баррель деңгейіне дейін құрайтыны туралы айтылған. Аккумуляторлардың құны 5-8 есе төмендейді, энергия генерациясы жел есебінен 2 есе, күн есебінен 4-5 есе түседі деп күтілуде, бұл күн және жаңартылатын энергия көздері үлесінің он есе ұлғаюына әкеледі», - деп мәлім етті Гүлшара Әбдіқалықова.

Форум жұмысына әлемнің 25 елінен 300 делегат қатысуда. Іс-шара қорытындылары бойынша қатысушылар әлемдік қауымдастықты қоршаған ортаға жүктемені барынша азайту, климаттық өзгерістерді ұстап тұру жөніндегі халықаралық қағидаттарды ұстануға шақыратын Қарар қабылдамақ, бұл жасыл экономикаға көшуді жылдамдатуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика