Басқару

Қазақстан Конституция күнін мерекелеуде

Бүгін қазақстандықтар Конституция күнін мерекелеуде. Бұл күні дәстүр бойынша елде мерекелік шаралар, бұқаралық шеру мен концерттер өтеді.
Астана қаласы 30 Тамыз, 09:58

Ата Заң  1995 жылдың  30 тамызында  жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке болып табылады.

Конституция халықтың рухы мен республиканың әлеуметтік, демократиялық, зайырлы  және құқықтық ел екенін  нақтылайды. Елде адамның өмірі, құқығы және бостандығы басты құндылық болып есептеледі.

Айта кетейік,  2017 жылдың  25 қаңтарында Мемлекет басшысы  кезекті конституциялық реформа туралы айтқан болатын. Президенттің бастамасымен  құрылған  Конституциялық комиссия  Ата Заңға өзгертулер дайындап, қоғам талқылауына шығарды. Аталмыш реформаның басты мақсаты Президенттің кей өкілеттіктерінің Үкімет пен Парламентке берілуінде.

Биылғы жылдың 10-наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енген өзгертулерге қол қойды.

Бақытгүл  Шеркенова





Яндекс.Метрика