Басқару

Жаңашылдық: Парламенттің жауапкершілігін реформа қалай күшейтеді (ШОЛУ)

Эксклюзив
Конституцияға бірнеше мәрте өзгертулер енгізілген болатын, олар – 1998,2007, 2011 және соңғысы 2017 жылдың наурызында жүзеге асырылды. Соңғы реформаның негізгі мақсаты Президенттің кей өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке жүктеу. Реформаның негізгі мақсаты заңды түрде негізгі мақсаттарға кедергі келтірмей адам өмірі саласында ойын тәртібінің өзгеруін көздейді. Атап айтсақ, мемлекеттік жаңаруы қажеттіліктен туып отыр. Strategy2050.kz АА Конституция күні қарсаңында елдегі биліктің 3 институты қай тәртіппен жұмыс істейтіндігіне көңіл аударды.
Астана қаласы30 Тамыз , 10:28

Қазақстандық биліктің реформасы: Қалай жұмыс істейді?

Қазіргі таңда қазақстандық БАҚ  пен  мемлекеттік құрылыс  саласын түсінетін мамандар арасында  конституциялық  реформаның мәні туралы түсінік екіге бөлінді. Кейбіреуі конституциялық өзгерісте сәтті ұсыныстарды байқаса, кейбірі даулы мәселені көріп, тиімділіктің шамалы екенін айтады.  Конституциялық реформа нені білдіреді: күрделі жөндеу немесе тыңғылықты өзгеру? Осыны мақаламызда талқылайтын боламыз.

Айта кетерлігі, реформа  республиканың саяси-билік жүйесін жаңғыртуды ғана ұсынып отыр, биліктің басты үш институты – Президент, Парламент, Үкімет  - өз құзыретінде  қуатты болулары керек.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы  Президенттің  35 өкілеттігін  төмен деңгейлерге бөліп тастады.  Барлық қабылданған  өзгертулер  қоғамды демократияландыруға , Парламент рөлін күшейтуге, Үкіметтің жауапкершілігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ,  құқық қорғау мен сот жүйесінің қызметін жетілдіруге, конституциялық  бақылауды жүзеге асыруға бағытталған. Президент Бурабайда берген сұхбатында  Конституция кезеңімен жаңаруы керек екенін айтқан болатын.

«Біз бұл ісімізбен үлкен істі бітірдік. Өкінішке орай, кейбіреулер туралы ештеме айтылмай қалып жатады, жәйлеп тәжірибе өткен шақта қала береді,  әрине біз оны жақында ғана қабылдаған сияқты едік. Біздің Ата заңымызға ағымдағы жылы 22 жыл толады. Конституция – қатып қалған дүние емес, ол тірі организм, заман талабына сай жаңарып тұруы керек.Біз Конституцияға бірнеше рет өзгертулер енгіздік, олардың барлығы демократияландыруға, жақсартуға бағытталған және бүкіл әлем жүріп келе жатқан жолмен жүруге тырыстық. Ал, бұл Парламенттің, Үкімттің мәртебесін көтеруде, заң үстемділігін қамтамасыз етуде өте маңызды өзгертулер болды. Яғни осы үшеу елімізді одан ары демократияландыру туралы айтып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Жаңаша жұмыс істеу

Конституциялық реформа есебімен Қазақстан Президенті  Үкімет пен Парламент қандай талап бойынша жұмыс істейтінін айтты.

«Біріншіден, жаңа заң Парламенттің  мемлекеттік істердегі  рөлін күшейтеді, оның ішінде Үкіметтікін де қалыптастырады. Енді Парламент заңнамалық билік болып табылады, осыған дейін реттеуді заңнамалық қызмет жүзеге асырған болатын. Қазір сәл нақтырақ жұмыс істейтін болады. Үкімет  дербестігін арттырады, оған экономиканы басқару өкілеттігі беріледі», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент айтып өткендей, Жоғарғы соттың  азаматтарды қорғау  инстанциясы ретіндегі  рөлі  артуда.

«Конституциялық бақылаудың  жүйесі нығаюда. Конституциялық деңгейдегі ең маңыздысы  тәуелсіздігіміздің, шекарамыздың,  басқару формасының  кепілі  нығаяды. Біз жоғарыкәсіби билік тармағына иеміз, олар дербес түрде өз мойындарына жауапкершілікті алып, шеше алады», - деді Елбасы.

Қазір болып жатқан барлық өзгерістер Парламентке Президенттің  барлық өкілеттігі берілетінін көрсетеді. Үкіметке экономиканы басқару өкілеттігі тапсырылады, демек, мемлекеттік бағдарламаларды нақтылау мен олардың орындалуын қамтамасыз ету. Парламенттің негізгі  қызметін кеңейту өте үлкен ықпал етеді, себебі Үкімет Парламентке  өзінің шешімдері мен жұмысының негізгі бағыттары туралы есеп беретін болады, ал Парламент өзінің ұсынысын енгізе алады. Осы өзгертуден кейін елдің дамуына айтарлықтай өзгеріс ененді.

Сарапшының пікірі

Соңғы жылдардағы конституциялық реформаның заңнамалығын ажыратып айтуға бола ма? Бұл сұраққа «Конституционализм мен демократияны дамыту институты»  Қоғамдық қорының  директоры, конституционалист, заң ғылымарының  кандидаты Мереке Ғабдуалиев жауап берді. Ол соңғы жылдардағы (2007,2017) конституциялық реформалардың ерекшеліктеріне тоқталды.

«Қазақстандық заңнама: біріншіден, тең сайлау жүйесін әзірледі, екіншіден,  Президенттікке кандидаттарды ұсыну  мүмкіндігін республикалық қоғамдық ұйымдарға ғана берді. Әрбір азаматтың  конституциялық құқығы  Мәжіліс депутаты не Президенттікке сайлану  құқығы  саяси бейімділікке келіп саяды», - деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық саяси қызмет жағдайында  сайлау жүйесінің аралас  моделі тиімді болар еді, парламенттің төменгі палата депутаты тең дәрежеде сайланар еді.

«Аталмыш  басқару пішіні мажоритарлы сайлау жүйесінің  оң тараптарын есептеуге тиімді. Парламенттің төменгі палатасы депутаттарын  сайлау жоғарыда айтылған сайлау жүйесінің оң тараптарына таңдап алуға мүмкіндік берер  еді. Тең сайлау жүйесі  Конституцияға өзгертулер енгізуді талап етпейді», - деді сраапшы.

Осыдан кейін «Сайлау туралы» Конституциялық   заңға енген   соңғы өзгертулерде, Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық ұйымдар таңдаулары керек.

Конституциялық реформаның соңғы өзгертулері

2017 жылдың  наурызында Конституциялық реформаға енген өзгертулерге келетін болсақ, болашақ  «саяси транзитке» дайындалу болып табылады. Қазір болып жатқан  барлық өзгертулер  Президенттің тапсырмасы бойынша нақты әрі сапалы түрде жүзеге асып жатыр.

Екіншіден, Президенттің Конституциялық кеңеске  өзгерістер енгізу құзыреттігі алынды. Белгілі болғандай, Конституциялық Кеңес –  елдің басты заңын қорғайтын  мемлекеттік орган ғана емес. Ол Конституцияны түсіндіретін  маңызды саяси институт.

Үшіншіден, Президенттің құзыретін Парламент пен Үкіметке бөлу  қызметті бөлуден ғана тұрмайды. Президенттің өкілетін барлық  саяси институттар арасында бөлу қарастырылған.

«Осы бойынша Сенатты сақтау бойынша ұстаным барынша қол ға алынған болатын. Сенат «пайдасыз» палата сыны көрінеді. Шынтуайында.  Сенатта саяси қор жасырылған. Ол Ұлттық банк Төрағасы мен Бас Прокурор,  ҰҚК, Жоғарғы сот судьяларын таңдау қарастырылған», - деді сарапшы.

Төртіншіден, билік өкілеттігін тарату  Парламенттің конституциялық  және  саяси жауапкершілігін арттырады.

Бесіншіден, әртүрлі сарапшыларды тарту арқылы заң жобаларын талқылау бәсекелестігін қамтамасыз ету керек.

Қорытынды

Жалпы, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі Қазақстан үшін айтарлықтай тиімді, әрекеттегі саяси-билік  жүйесі  барлық үш институт – Президент, Парламент және Үкімет өз қызметін атқарғанда барынша  жауапты әрі дербес жұмыс істейуін қамтамасыз етеді. Болашақта жаңа режим бойынша қажырлы еңбек ету керек, өзгертулер Қазақстан дұрыс бағытта  қозғалып бара жатқанын көрсетеді.

Мақала соңында Елбасының «Конституция кезеңдеп жаңаруы керек, бұл ақиқатпен дауласуға болмайды» дегенін еске салу керек. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының барлық идеялары  кезеңдеп жүзеге асырылып жатыр, біздің еліміз  30 дамыған ел қатарына  ену жолында еңбек етуде. Қазақстан жарқын болашаққа өзі жасаған тарих пен заңнама арқылы қадам басуда.

 

Қайрат Жандыбаев

Фото ашық дереккөздерден

 

 

 

 




Яндекс.Метрика