Басқару

Ядролық энергетикаға қатысуға 30-ға жуық ел қызығушылық танытып отыр – Ю.Амано

Ядролық энергия барлық елдерде бар тәуекелдерге жауап береді. Бүгінде ядролық энергетикаға қатысуға 30-ға жуық ел қызығушылық танытып отыр, деді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано АЭХА ТБУ Банкінің ашылу салтанатында.
Астана қаласы 29 Тамыз, 17:53

Юкия Амано әлемдегі алғашқы төмен байытылған  банктің ашылуына қуанышты екенін жеткізіп, Қазақстан құрылысқа рұқсат бергені үшін алғысын білдірді.

«АЭХА мен сәйкес банк – күрделі жоба, ол Қазақстан мен АЭХА  арасындағы тұрақты қарым-қатынас пен бірқатар келісімдер мен келіссөздерді қамтиды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке үлесі бұл жобаға үлкен серпін берді», - деді Ю.Амано.

Сондай-ақ, АЭХА басшысы айтып өткендей, Банк мүше елдерге жанармай жеткізудің соңғы нүктесі механизмі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен бірге, Агенттіктің бас директоры төмен байытылған уранды сақтайтын ғимарат ашумен қатар, бұл шикізатты сатып алу және оны тасымалдау мәселелері де маңызды екенін атап өтті.

Ақбота Күзекбай

Фото: Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика