Басқару

ҚР Президенті Астанада ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммит өткізуді ұсынды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік туралы қазақстандық идеяларды АЭХА төмен байытылған уран банкінің ашылу салтанатында ұсынды.
Астана қаласы 29 Тамыз, 17:28

«Барлығымызды ядролық қауіпсіздік оқиғасы алаңдатады. Осы орайда келесі қазақстандық идеяларды ұсынғым келеді. Бірінші. Біз ядролық қаруды  қаруды таратпау туралы келісім оған жүктелген үмітті ақтамайтынын айттық.  Оның тәртібін сақтамайтындарға арнайы жаза қолоданылмайды, әсіресе ол ядролық клуб елдеріне қатысты, олар ядролық бағдарламалары  туралы  толық ақпаратты ашпайды.Ядролық бестік пен өзге әлем арасындағы тепе-теңдік әдісін қысқарту керек. 2020 жылы әлемдік қауіпсіздік  ядролық қаруды таратпау келісімінің  50 жылдығын тойлайтын болады», - деді Президент.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, жаһандық әлем болашағы ядролық мемлекеттерге тәуелді.

«Үшіншіден, жалпы  ядролық сынақтарды тоқтату келісімін орнату мәселесі әлі де тұр. Бірнеше қадам жасау қалды. Алайда, ядролық технологиялары бар елдер, қол қойған  жоқ немесе ратификацияламады. Осы орайда ел көшбасшыларына айтатыным, келісімге тез арада қосылу керек. Бұны бар әлем күтіп отыр», - деді Н.Назарбаев.

Төртіншіден, Елбасы айтып өткендей, еркін  материалдық қару аймақтарын құру, ол таратылумен күресетін ең тиімді құрал болып табылады.

«2009 жылдың  наурызында Орталық Азияда ядролық қарудан еркін аймақ құру  келісімі күшіне енді. Қазақстан Президенті ядролық аймаққа енетін  барлық елдерді біріктіруді ұсынды. Бірлескен іс-қимылды әзірлейтін жоспар керек. Бұл жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысты белсенділетеді», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент ядролық қауіпсідік саммитін Астанада өткізуді ұсынды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика