Басқару

Қазақстан күрделі әлемдік мәселелердің шешілуіне барынша өз үлесін қосуда – Н.Назарбаев

Біз үшін сауда-экономикалық даулардың күштік қарама-қарсылыққадаулы қақтығысқа айналып кетпеуі маңызды, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АЭХА төмен байытылған уран Банкінің ашылу салтанатында.
Астана қаласы 29 Тамыз, 17:01

ҚР Президенті  айтып өткендей, ядролық қауіпсіздік  ең алдымен ресми ядролық державаларға тәуелді.

«Ядролық державалар арасындағы қарым-қатынас  адамзат үшін  үлкен маңызға ие. Бізді  бүгінде  АҚШ пен Ресей арасындағы қатал санкциялық қарым-қатынас алаңдатады. Бұл адамзат үшін алаңдатушылық туғызбау мүмкін емес. Бүгінде сауда-экономикалық дауды қарулы қақтығысқа айналдырып жібермеу мәселесі тұр.  Корея Демократиялық Республикасы  айналасындағы  оқиғаға келетін болсақ, біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  2371 резолюциясын  толық қолдаймыз. Үш ядролық держава – АҚШ,Ресей, Қытай  ынтымақтастығы  осы мәселеден басталуы мүмкін.  Уақыт үш нәрсені талап етеді – жаһандық үйлестіру,  саяси еркіндік, шешімі бар қарым-қатынас», - деді Президент.

Елбасы айтып өткендей, халықаралық өмірге  саяси сенімділік пен жүйелік диалогты енгізген жөн.

«Өз  тарапынан Қазақстан  күрделі әлемдік проблемалардың шешілуіне барынша өз үлесін қосып жатыр. Астанада  Сирия келіссөздерінің бес раунды өткенін білесіздер.  Сондай-ақ, Қазақстанда  Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өткізілген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан  Ресей-Түркия  қарым-қатынасының оңалуына үлес қосты. Біз әрқашан дауласқан тараптарды бейбіт келісімге шақырамыз», - деді Н.Назарбаев.  

Айта кетейік,  Мемлекет басшысы  өз сөзінде  ТБУ банкінің Қазақстанда орналасуы  атом саласының сапалығын көрсететінін айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай 

Фото: Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика