Басқару

Н. Назарбаев: Қазақстанда ТБУБ орналасуы – біздегі атом саласының сапа көрсеткіші - Президент

Қазақстанда ТБУБ ашылуы біздегі атом саласының сапасын көрсетеді, бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АЭХА Төмен байытылған уран банкінің ашылуында мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Тамыз, 16:21

«Жаһандық экономикалық өмір түбегейлі өзгеріп келе жатыр. Алайда, ең озық цифрлық экономиканың өзіне де көп энергия қажет. Уран барлық дәстүрлі тасығыштарға қарағанда үлкен концентрацияға миллион есе артық ие екенін ескеру керек, демек, ядролық энергетика баламалы және басқаларына қарағанда анағұрлым тиімді болып табылады», - деді Елбасы.

Н. Назарбаев қазірдің өзінде әлемде 50-ден астам станция салынып жатқанын, ал 2030 жылға дейін 500-ге жуық АЭС салу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Ядролық энергетиканың жаңғыру болашағы зор. Сондықтан, төмен байытылған уран банкін орналастыру үшін Қазақстанды таңдау – бұл біздегі атом саласының сапа көрсеткіші. Қазақстанда әр түрлі бағалау бойынша уранның әлемдік қорының 30%-ына дейін орналасқан. Біз бүгінде уранның ең ірі өндірушісі болып табыламыз және әлемдік энергетикада маңызды рөл атқаруға дайынбыз. Сондай-ақ Қазақстан жаһандық жасыл тренд арнасында, сол себепті Астанада болашақтың энергиясына арналған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізіліп жатыр», - деп қосты ҚР Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жуық арада Астанада Ғылым және жаһандық проблемалар бойынша 62-ші Пагуош конференциясы өткенін еске салды. Осы ретте, Президент бұл іс-шараның сәтті өткенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Президент АЭХА Төмен байытылған уран банкін ашты. АЭХА Төмен байытылған уран банкі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында салынған.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика