Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің бөгеттері тексерілді

Қыс-көктем мезгілдерінде Сырдария өзінендегі су тасқынының алдын алу мақсатында уәкілетті органдардың өкілдерінен құралған арнайы жұмысшы тобы өзен жағалауын тексерді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда08 Қаңтар , 10:13

«Арнайы жұмыс тобы жөндеу жұмыстарын қажет ететін 21 объект анықтады. Оның 18-і – бөгет, 2-еуі – көпір, 1-еуі – гидротехникалық бекеті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазалы ауданы бойынша Абай мен Бірлік елді мекендерінің арасындағы аумағы 18 мың метрді алып жатқан бөгетті қайта салу қажет.

«Сонымен қатар, Қызылорда қаласының әкімдігіне қауіп туғызуы ықтимал 8 нысанның тізімі жолданды. Бұл барынша бекіте түсу керек», - деп әкімдікте нақтыланған.

 

 

 




Яндекс.Метрика