Басқару

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АЭХА төмен байытылған уран Банкін ашты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үлбі металлургиялық зауыты алаңында салынған АЭХА төмен байытылған уран Банкін ашты.
Астана қаласы 29 Тамыз, 16:07

«Жаңа ғана біз бірегей оқиғаның куәгері атандық – Қазақстанда АЭХА  төмен байытылған  уран банкінің  ашылуына қатыстық.  Біз   еліміз бен  әлемдік қауымдастық   үшін маңызды күнде бас қостық.   1991 жылдың  29 тамызында  менің Жарлығыммен  әлемдегі ірі полигондардың бірі Семей полигоны  жұмысын тоқтатты,    45 жылда  Қазақстан аймағында  550 ядролық сынақ жасалған болатын, оның ішінде  74-і атмосферада жүзеге асырылды. 1,5 млн адам зардап шекті.  Біз қазіргі таңға дейін   сынақтың салдарын сезіп келеміз. Сондықтан да Қазақстанның  жігері  соғыстан мықты болып, өзге державалардағы полигондарды тыныштандырды. Бүгінде барлық әлемде  29 тамызда  Халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл  күні аталып өтеді», - деді Қазақстан Президенті.

ҚР  Президентінің айтуынша,  екінші мәселе Қазақстанда  мықты ядролық зымыран арсеналы  болды.

«Жойқын ядролық арсеналдан бас тарту тәжірибесі әлемде болмаған еді.  Біздің елдің бастамасы  өзге елдерге дұрыс жолды көрсетті. Бұл тарихи шешім еді.  Тәуелсіздік жылдары  көлемі бойынша төртінші ядролық сынақ алаңы дәрежесінен  ядролық қаруды  жаһандық таратпау  бойынша көсбасшы елге айналдық. Қазақстан  АЭХА-ның сенімді серіктесіне,  БҰҰ-ның  бейбіт атом энергиясына   жауапты жалғыз мүшесіне  айналды. АЭХА-ның ТБУ  Банкін орналастыру  мүмкіндігін ұсынды, Қазақстан өзіндік үлесін қосты, біріншіден, таратпау режимін күшейтті, екіншіден, ядролық жанармайды қауіпсіз түрде жеткізуді қамтамасыз етті. Атап өтейік, ТБУ  Банкі  АЭХА-ның қадағалауымен жұмыс істейді», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев аталмыш маңызды іс үшін   АЭХА басшылығына  алғыс айтты.

Банк бір жыл ішінде  АЭХА-мен арнайы келісім аясында салынды.  Қазақстан  Үкіметі мен АЭХА арасында  ТБУ  Банкін Астанада салу  туралы   соңғы келісім  2015 жылы орнатылған болатын.

Ақбота Күзекбай

Фото: Бауыржан  Жуасбаева





Яндекс.Метрика