EXPO-2017

ЭКСПО көрмесінде таңдап алынған жобалар Астанада жүзеге асуы мүмкін

«Мамандар ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған энергетика саласында 100-ден аса жаңа технологияны қарастырды»,деп хабарлады қала әкімдігі.
Астана қаласы29 Тамыз , 19:56

Жұмыс тобының мүшелерімен Астанада енгізуге тиімді болатын 8 жоба таңдалды. Атап айтқанда болашақта жаңа Solid австриялық жүйесі арқылы жеке (жер) үйлерді жылыту мен салқындату үшін баламалы энергия көздерін пайдалануға болады, ол өз алдына энергияның шығынын төмендетуге көмектеседі.

Елорда үшін тағы бір өзекті жоба – «көк көмір» аталып кеткен польшалық технологияны алу. Ол өл алдына астаналықтардың мазасын алып біткен уытты заттардың шығарылуын төмендетуге септігін тигізеді. Жанармайдың бұл түрі қарапайым көмірді жылу арқылы алынады. «Көк көмірді» қолданудан уытты заттардың шығарылуы бойынша көрсеткіштер қарапайым көмірге қарағанда 80 пайызға төмен. Онымен бірге бұл көмірдің түрі жылуды 20 пайызға артық береді. 

Жоғарыда көрсетілген жаңашылдықтардан бөлек жұмыс тобы француздық Conipher оқшаулағыш жабдығына қызығушылық танытты. Ол құрылыста қосымша жылу шығарғыш материалдарды қолданбауға мүмкіндік береді.

Ресейлікердің павильонында күн панельдерін басқару жүйесі назардан тыс қалмады. Күн сәулелері панельге тік бұрышқа түсу арқылы пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) 30 пайызға арттыруға септігін тигізеді.  

Сондай-ақ Астанада алдағы уақытта қытайлық технологиялар пайдалануы мүмкін, ол ЖЭС-нан ластандыратын заттардың бөлінуінің деңгейін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі.

Осы және басқа да жобалар кезекті тексеруден өтеді, одан кейін оларды елордада енгізу жөнінде нақты шешім қабылданатын болады. Хабарланғандай, Астанада энерготиімді кешенді жоспар әзірленді, 137 нысанда 20 пайызға үнемдеуге мүмкіндік беретін «Жылу ағынын басқару» жобасын іске асыру басталды. 

 

 




Яндекс.Метрика