Үкімет

Б.Сағынтаев ҚР МСМ-ге туристік саланы дамыту бойынша Тұжырымдама жоспарын енгізуді тапсырды

Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жақын арада ҚР Мәдениеті және спорт министрлігіне туристік саланы дамыту бойынша Тұжырымдама жоспарын енгізуді тапсырды.
Астана қаласы 29 Тамыз, 12:34

«Мәдениет және спорт министрлігіне  екі апта уақыт ішінде  туристік саланы дамыту тұжырымдамасын дамыту туралы шаралар жоспары мен  туристік кластерлерге  зәкірлі инвесторларды тарту бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Асқар Ұзақпайұлы,  Мемлекет басшысының  Щучье-Бурабай  курорттық аймағын дамыту  бойынша  тапсырмасын  жүзеге асыруды жеделдету керек. Сондай-ақ, Қазақтуризм компаниясын  құру үрдісін жеделдету керек.  Арыстанбек Мұхамедиұлы, жұмысты жеделдету керек», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруға шақырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі   әкімдермен бірігіп Үкіметке іріктелген инвестжобалардың  кестесін жеткізуі тиіс.  Сондай-ақ, қосымша инвесторларды сүт, ет саласына тарту керек, Асқар Исабекұлы, (АШМ басшысы) Астана мен Алматы маңайында өңдеу кәсіпорнына қатысты ұсыныс керек», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев  Алматы маңынан  жаңа әуехаб  құрылысын жүзеге асыру әдістерін қайта қарауды тапсырды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика