Өңірлер

Петропавлда ескі үйлерді алмастыратын жаңа шағын аудан салынып жатыр

Петропавлда ескі үйлерді ауыстыратын «Жас Өркен» жаңа шағын ауданының құрылысы басталды, оның ашылуы келесі жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан 29 Тамыз, 18:13

«Жаңа шағын ауданның құрылысы үшін  500-ден астам тозған үй мен нысандар сырылады. Сараптама көрсеткендей, 50-ші жылдарда көшірілген жер үйлердің    70 пайызы  абаттандырылған пәтерлерге ауысты», - деді  облыс әкімі.

Шағын ауданда қазіргі заманғы зәулім үйлерде  1,5 мың пәтер  салынады.

Құмар Ақсақалов айтып өткендей, әлеуметтік салада  баспанаға тұрған кезекті қысқарту барынша жүзеге асырылуда.

«Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 200 мың шаршы метр  тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 7 ай ішінде  облыста  59 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді спикер.

 





Яндекс.Метрика