Халықаралық интеграция

Kazakh Invest жыл соңына дейін 10 ТҰК тартуды жоспарлауда

«Kazakh Invest» шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмысты күшейтіп, жыл соңына дейін 10 ТҰК тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев СІМ-де өткен «Қазақстан экономикасының инвестиция тартуға арналған басым салалары» конференциясында мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Тамыз, 12:23

Өз баяндамасында Н.Жиенбаев Қазақстанның инвестициялық ахуалы, инвестиция мен шетелдік инвесторларды  «бір терезе» ұстанымы бойынша жәрдемдесетін ұлттық компанияның қызметі туралы айтып өтті.

««Kazakh Invest» Қазақстанның барлық өңірлері мен шетелде өзінің өкілдіктеріне ие. Ашық өкілдіктер Қытай, Ресей, Түркия мен АҚШ-та бар. Кеңсені  Еуропа мен Таяу Шығыста ашу жоспары бар. Жақын арада  Германия, Франция, БАӘ-да өкілдер тағайындалады.  Жыл соңына дейін біз  10 трансұлттық компанияны тартуды жоспарлап отырмыз. Шетелдік  өкілдіктердің мақсаты байланыс орнату және шетелдік компаниялардың  инвесторлық қызығушылығын анықтау», - деді Н.Жиенбаев.

Сондай-ақ, ол кездесуге қатысушыларды экономиканың басым салаларына инвестиция тарту  бойынша компанияның жұмысымен таныстырды.

«Бүгінгі таңда «Kazakh Invest» көмегімен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде: Алматы облысындағы  астық өнімін дайындау жөніндегі зауыт құрылысы мен  жартылай фабрикаттарды дайындаудың трансұлттық компаниясы  Mareven Food Holdings Limited, Phoenix Global DMCC, Empire Food», - деді «Kazakh Invest» өкілі.

Тамыз айының басында өзаратүсінушілік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында Жол картасы әзірленеді.

Н.Жиенбеков айтып өткендей, бұл министрлік пен Ұлттық компанияның бірлескен жұмысын жүйелендіруге мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда  «Kazakh Invest» инвестиция тарту бойынша қызметті күшейтіп жатыр. Компанияның негізгі жұмысы басым  салалар мен елдерге бағытталады. Соңғы мақсат бекітілген тізімнен  көшбасшы компанияларды іріктеп алу», - деді спикер. 

Қайрат Жандыбаев

 





Яндекс.Метрика