Үкімет

Ұлттық банк теңге бағамының 2018-2022 жылдарға арналған тәуекелдеріне баға берді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында теңге бағамының 2018-2022 жылдарға арналған тәуекелдерін бағалады.
Астана қаласы 29 Тамыз, 11:49

Данияр Ақышев айтып өткендей, теңге бағамының қарқыны  негізгі факторлар негізінде, төлем балансы, мұнайдың әлемдік бағасы  мен сауда-серіктес  елдердегі  валюта бағамына  қатысты  анықталатын болады.

«Төлем балансының төлем көрсеткіші  2017 жылдың  бірінші жарты жылдығында бағамдық саясатқа  әлемдік бағаның тұрақтылығына байланысты тәуекелдер қазақстандық  экспорт аясында жақсара түсті. Қаржы нарығында  банк саласының қаржылық тұрақтылығын  қолдау  бағдарламасын әзірледі. Ол ірі банктердің капиталына  қайтарымды түрде субсидия беруді қарастырады», - деді  Ұлттық банк төрағасы.

Ұлттық банк төрағасы айтып өткендей, аталмыш қаржы банк капиталына құйылады, себебі банк капиталдарының шектелуі маңызды фактор болып табылады.

«Бағдарламаға қатысудың негізгі  талабы акционер банктердің қаржы  институтының тең дәрежеде капиталсыздандыру бойынша келісуі, активтердің сапасын жақсартып, несиелік қызметті жаңартуы арқылы қатыса алады. Бес жыл бойы қарыз бойынша жұмыс істемейтін банктер  көлемі  1 трлн теңгеге  дейін қысқарады.  Бұл банк жүйесінің  қаржылық  тұрақтылығын арттырады.Сондай-ақ, жаңа қарыздарды беру көлемін арттырып, басым салаларға  жыл сайын  300 млрд теңге  бөлуді қамтамасыз етеді», - деді Данияр Ақышев.

Айта кетейік, Үкімет «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң  жобасын мақұлдады.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика