Рухани жаңғыру

ШҚО-да "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясында 7 жоба әзірленді

ШҚО-да "Білікті маман" жобасы аясында мектеп түлектерінің кетуін азайтып, білім гранттарын бөлу жоспарлануда, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Шығыс Қазақстан29 Тамыз , 14:34

ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасында мектеп түлектерінің кетуін азайту, өңірлік университеттердің ғылыми-техникалық және зерттеу базасын жақсарту, шетелдік ғалымдарды тарту, жаңа мамандықтарды тарту бойынша шаралар кешені көзделген. 

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 200 білім грантына 50,8 млн теңге бөлінді. Егер өткен жылы шетелге оқуға 1800 түлек кетсе, биыл 890 түлек кеткен. 

«Біз үштілді оқытуды дамыту жоспарын іске асыруды жалғастырып келеміз. Онда мұғалімдер үшін тіл біліктілігін жетілдіру бойынша курстар, бірыңғай оқулықтарды сатып алу, педагогтерді ынталандыру көзделеді», - деді өңір басшысы Даниал Ахметов.

Бұдан бөлек, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша облыста 7 өңірлік жоба әзірленген, олар білімді қалыптастыруға, патриоттық тәрбиелеуге, рухани және мәдени құндылықтарды сақтау мен насихаттауға, отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған 14 кіші жобаны қамтиды (сондай-ақ 21 республикалық жоба іске асырылады).




Яндекс.Метрика