Үкімет

Қазақстанның ІЖӨ өсімі 2018 жылы 3,1%-ға жетуі болжануда

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбіде өткізілген үкімет отырысының барысында 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және негізгі басымдықтарды таныстырды.
Астана қаласы29 Тамыз , 10:51

«2016 жылғы ІЖӨ бойынша есептік деректер және 2017 жылға арналған экономикалық өсімді жөнделген бағалау негізінде құрылған. «Ағымдағы жылдың басынан бері экономикалық белсенділіктің жақсару байқалуда, ІЖӨ өсімі 7 айда 4,0%-ды құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша біз экономикалық өсімді 3,4%-дық деңгейде күтіп отырмыз», - деді Сүлейменов.  

Ол 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерді құрудың негізіне мұнайдың консервативтік бағасы - 45 АҚШ доллары кезіндегі базалық сценарий алынғанын атап өтті.   

«ІЖӨ нақты өсімінің 2018 жылғы 3,1% деңгейден 2022 жылға қарай 4,2%-ға одан әрі өсуі болжануда. Алдағы бесжылдық кезеңдегі ІЖӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны 3,7 пайызды құрайды», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, алдағы келешекте ИИДМБ жобаларын іске қосу, АӨК дамытудың, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың жалғастырылуы, сондай-ақ Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру жөніндегі жобалық басқаруды енгізудің есебінен өңдеу өнеркәсібінің 4,2 пайызға, ауыл шаруашылығының 5,7%,  құрылыс саласының 4,0 пайызға, көліктің 5,1%-ға, сауданың 3,5%-ға анағұрлым жоғары қарқынмен өсуі болжануда.  Мұнай өндіру көлемі 2018 жылғы 86 млн.тоннадан 2022 жылы 88,6 млн.тоннаға ұлғаяды.

«Ұлттық Банк жылдық инфляцияның мақсатты дәлізін 2018 жылы 5,0-7,0%-ға, 2019 жылы 4,0-6,0%-ға, 2020-2022 жылдарға 3,0-4,0%-ға одан әрі азайту арқылы сақтады.  Жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы 4,9%-дан  2022 жылы 4,7%-ға дейін төмендейді», - деді Сүлейменов.

Ол ортамерзімдік кезеңде экономикалық саясаттағы басымдықтардың арасында ақша-несиелік саясаттың рөлін ынталандыру, қаржылық тұрақтылықты және тиімді бюджеттік-салықтық саясатты фискалдық орталықсыздандыру арқылы қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдану жолымен жаңа индустрияны енгізу арқылы қарқынды технологиялық жаңғырту, технологиялық қайта қаруландыру, негізгі салалардағы еңбек өнімділігі мен экспорттық әлеуетті арттыру есебінен макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етілетінін атап өтті.  

Бұдан басқа, бизнестің барлық шығындарын жаппай азайту жолымен бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту және МЖӘ-ні кеңейту арқылы жеке капиталды және бәсекелестікті дамыту көзделуде.

«Ол Ұлттық қорды құрудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджетке кепілді трансферттің көлемі 2018 жылы - 2 600 млрд. теңгеге, 2019 жылы - 2 300 млрд. теңгеге, 2020 жылы - 2 000 млрд. теңгеге азаю жолымен белгіленгендігін атап өтті. Ұлттық қордан мақсатты трансфертті тарту көзделмеген. «Бюджет тапшылығын 2018 жылы ІЖӨ-нің 1,1%-ына, 2019-2020 жылдарда ІЖӨ-нің 1,0%-ына дейін төмендету ұсынылып отыр», - деді Сүлейменов.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика