Экономика

Маңғыстауда темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды

Елбасының Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт ашылды. Өндіріс орнын салтанатты түрде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ашты.
Маңғыстау 29 Тамыз, 19:36

  «QSM Precast Concrete Aktau» компаниясы қазіргі уақытта Құрық портына қажетті өнімді дайындаумен айналысуда.

  Жоба «Найза құрылыс» ЖШС-мен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Компания облыстағы «Құрық» портының бас мердігері болып табылады

«Қазақсельмаш Корпорациясы» компаниясын бүгінгі зауыттың ашылуымен   шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі таңда басты мәселе жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамту. Зауыт аумағында 200 жұмыс орындары ашу көзделген. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 150 дана тетрапод шығару. Өнімді дайындауға негізгі шикізат аймақтағы өте көп құм, цемент, қиыршақ тас және арматура пайдаланылады. Жобаға 768 млн. теңге инвестиция тартылады. Өлкемізде осындай кәсіпорындар ашылып жатқаны қуантады. Зауыттың ұжымына табыс тілеймін», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

QSM корпорацисы басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымжан Оспанқұловтың айтуынша, компанияның басқа бәсекелестеріне қарағанда артықшылығы бетонның бағасын арзандататын  жаңа технология қолданылады.

 

 

 





Яндекс.Метрика