Үкімет

Қазақстан мен АҚШ зерттеулер саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарады

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэн Бруйллэтпен (Dan Brouillette) энергетика саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы 29 Тамыз, 11:47

Кездесу барысында Қазақстанда американдық ірі трансұлттық компаниялармен бірлескен индустриалды жобаларды іске асыру барысы талқыланды. 

Сондай-ақ, тараптар Энергетикалық серіктестік бойынша қазақстандық-американдық бірлескен комиссия жұмысын нығайту арқылы жаңа технологиялар мен зерттеулер саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарады. 

2017  жылы ҚР мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. АҚШ – Қазақстандағы екінші ірі инвестор (2,2 млрд $). Қазақстанда американдық капиталдың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді. 

 





Яндекс.Метрика