Евразиялық одақ

ЕАЭО жалпы автокөлік нарығы өңірлік экономикаларды жақсартады - ЕЭК

ЕАЭО жалпы автокөлік нарығы өңірлік экономикаларды жақсартады. Бұл туралы ЕЭК энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министр) Адамқұл Жүнісов "Еуразиялық апта" форумы аясында "Автомобиль көлігі: Еуразиялық интеграцияны нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер" конференциясында хабарлады.
Астана қаласы 29 Тамыз, 13:33

«Автомобиль тасымалдары қарқынды дамып келе жатқан және нарыққа анағұрлым бағдарланған көлік түрі болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өз жұмысын бастағалы екі жыл ішінде автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі - 4%-ға, ал жүк айналымы 7%-ға ұлғайған. Биыл да оң қарқын жалғасып келеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк тасымалдау көлемі - 2%-ға, ал жүк айналымы 3,2%-ға өсті», - деді А. Жүнісов.

Автомобиль көлігі үлесіне жалпы жүк тасымалының 82%-ы және Одаққа мүше мемлекеттердің жолаушылар тасымалының 94%-ы келеді.

«Алайда, ЕАЭО-да автокөлік рөлі еуразиялық бестік елдері арасындағы байланысты қамтамасыз етумен ғана шектелмейді», – деп атап өтті ЕЭК министрі.

ЕАЭО елдерінің көлік және инфрақұрылым саласындағы интеграциялық әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар өткен жылғы желтоқсанда елдердің президенттері қабылдаған Көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері стратегиялық құжатында айқындалған. ЕЭК осы құжатты іске асыру жөніндегі "жол картасын" әзірлейді.

«Автомобиль көлігі саласындағы негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі жол картасы 2017 жылғы 5 тамызда болған жиын барысында келісілді. Ол биылғы жылы қабылданады деген сенімдеміз», – деп мәлім етті ЕЭК министрі.

 




Яндекс.Метрика