EXPO-2017

Кения Африка бойынша геотермалды энергия өндіру бойынша көш бастап тұр - Крис Каптоо

Кения - геотермалды энергияның өндірушісі ретінде Африка бойынша жетекші және әлем бойынша жетінші орында. Бұл туралы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, елдің Ұлттық күнін мерекелеу барысында Кения Республикасы Өндіріс, сауда және кооператив министрлігі Сауда департаментінің Бас хатшысы Крис Каптоо мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Тамыз, 10:32

Оның айтуынша Кения 10 000 МВт құрайтын геотермалды ресурстарға ие, осы уақытқа дейін оның 632 МВт кәдеге жараған

«Кениядағы орнатылған электр энергиясының қуаты 2 341 МВт құрайды. Оның ішінде су энергетикасына 36%, термалды энергияға 35%, геотермалды энергияға 28% және жел энергетикасына 1% тиесілі. Сондай-ақ, Кения Республикасы жел, геотермалды, күн және су энергетикасы сияқты жаңартылатын энергия көздерінің бірқатар ресурстарына ие. Су энергетикасынан өзге энергия көздері толық қолданылмаған. Аталған ресурстарды енгізу және өңдеу инвестициялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етедіі», - деп мәлімдеді Крис Каптоо.

Крис Каптооның айтуынша, ЭКСПО-2017 Көрмесіне қатысу -  жаңартылатын энергия көздерінің дамуына оң нәтиже беретінін, сондай-ақ екі ел және Көрменің қатысушы мемлекеттері арасында ынтымақтастық қарым-қатынастарды жетілдіруге  тың серпініс береді.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы заманауи әлем үшін өзекті, әрі маңызды екендігінтілге тиек етті.

«Кенияның ЭКСПО-2017 Көрмесіне қатысуы екі ел арасындағы өзара сенім деңгейін көрсетеді. Қазақстан Кения Республикасымен сауда- экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделі. Кения «Астана ЭКСПО-2017» Көрмесінің маңызды бөлігі болатындығына және мемлекеттің Ұлттық күні екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда жаңа мүмкіндіктер ашатындығына кәміл сенемін», -  деп қорытындылады Арын Өрсариев.

Айта кетейік, Кениядағы электр энергиясының басым бөлігі ыстық жер асты суларының қайнар көздерінен алынады. 2015 жылы Кенияда қуаттылығы 280 мВт құрайтын екі жаңа зауыт пайдалануға берілген, нәтижесінде геотермалды энергияның жалпы ұлттық энергия теңгеріміндегі үлесі 51 % жетті. Бұл көрсеткіш 2010 жылы тек 13 % болатын.

 





Яндекс.Метрика