Инфрақұрылымды дамыту

Ақмола облысында 2013 жылы 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы Ақмола облысында 2141 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола07 Қаңтар , 11:00

 «Облыс көлемінде маңызды әлеуметтік бағдарламаның бірі болып табылатын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы қарқынды өріс алуда. 2013 жылы бағдарлама бойынша қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі 2012 жылғыдан 8 пайызға артып, 270 мың шаршы метрді құрады. Және де облыстың әр өңірінде аталмыш бағдарлама көрініс тапқан», - делінген хабарламада.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша барлық топтағы азаматтар үшін жалпы аумағы 7,9 мың шаршы метр болатын үш 30 пәтерлі үй салынған.

Айта кету керек, облыстың үш ауданында 135 жас отбасы жалпы ауданы 10,5 шаршы мерді құрайтын тұрғын жайға қол жеткізді.

 




Яндекс.Метрика