Өңірлер

Астанада екі облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Астанада «Қазақстан» СС тұрағы аумағында Қарағанды және Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінің жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлады астана әкімдігі.
Астана қаласы 26 Тамыз, 10:31

70-тен астам шатыршаларда 525 тонна ауылшаруашылық өнімдері саудаланады, оның ішінде 77 тонна еттің барлық түрлері, 23 тонна сүт өнімдері, 9 тонна шұжық өнімдері, 10 тонна күріш және қарақұмық жармасы, 20 тонна қант, 371 тонна жеміс-жидектер мен көкөністер.

Жәрмеңкеге фермерлік шаруашылықтар мен өңдеуші кәсіпорындары, атап айтар болсақ, «Қарағанды Осетр» ЖШС, Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС, «Евразиан Фудс» ЖШС, «Бидай нан» ЖШС. 

Шара ұлттық тағамдар фестивалімен жалғасады. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылады.





Яндекс.Метрика